Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
«ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «№1 ТІРЕК МЕКТЕБІ (РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ)» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Ресми сайт

«Мүмкіндіктер мектебі – тұрақты дамудың кепілі»

31 тамыз 2026 жыл күні №1 педагогикалық кеңес өтті.

 

Тақырыбы: «Мүмкіндіктер мектебі – тұрақты дамудың кепілі»

Күн тәртібі:

  1. Мұғалімдердің апталық жүктемелерін бекіту:

Мектеп директоры – Ахметова Ж.Ж.

2. 2026–2027 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатты талқылау.

№125 бұйрыққа сәйкес бастауыш сыныптардағы бағалаудың жаңа моделін енгізу.

Акимбаева Л.К.

 

3.«Адал азамат» тұжырымдамасы негізінде мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастыру.

Сауганбаева Р.Е.

 

  1. Мектептің 2026–2027 оқу жылына арналған негізгі бағыттары мен міндеттерін бекіту:

а) мектепішілік күн тәртібі ережесін бекіту;

ә) 2026–2027 оқу жылына арналған педагогикалық кеңес мүшелерін бекіту;

б) әдістемелік бірлестік жетекшілерін, пән үйірмелері мен оқу бөлімдері меңгерушілерін бекіту;

в) 1,10-сыныптарға қабылдау;

г) қауіпсіздік ережелерін сақтау;

ғ) қамқорлық кеңесін құру;

д) ЕБҚ бар балаларды үйде оқыту туралы;

5. Педагогтерді аттестаттау комиссиясының құрамын сайлау.

6. Электрондық журналға, НОБД-ға жауапты маманды тағайындау.

7. Веб-сайттың жүргізілуін бақылау, жауапты мұғалімді тағайындау.

8. Педагогтер мен қызметкерлердің еңбек өтілін есептеу комиссиясының құрамын сайлау.

9. Педагогтерді лауазымға тағайындау, конкурстық комиссия құрамын сайлау.

10. Мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету.

Кітапханашы – Аманова М.Б.

11. Лауазымдық міндеттерді бөлу.