Бүгін мектебімізде 2026–2027 оқу жылына арналған ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Тақырыбы: «Бала тәрбиесі – ортақ жауапкершілік»
Күн тәртібінде :
1. «Заң және тәртіп». Қаражал қаласы ПБ бастығы полиция полковнигі Е.Н.Байзақов
2. 2026–2027 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы және оқу жылының негізгі міндеттері. Мектеп директоры Ахметова Ж.Ж.
3. Мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру. ОІМ Копбаева А.Г.
4. Оқушылардың сабаққа қатысуы, кешікпеуі және мектептегі тәртібі.
5. Мектеп формасы, оқушының сыртқы келбетіне қойылатын талаптар. ТІЖО Сауғанбаева Р.Е.
6. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету: жол қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, интернет қауіпсіздігі және буллингтің алдын алу.
7. «Жеке қауіпсіздік» бағытындағы тәрбие жұмыстары туралы ақпарат.
Мектеп психологы Тажикеева Э.Қ
8. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру және әлеуметтік қолдау шаралары. Әлеуметтік педагог Утемисова М.И.
