1 қыркүйек күні мектебіміздің табалдырығын алғаш рет аттаған 1-сынып оқушылары үшін ерекше де толғанысқа толы күн болды. Алғашқы қоңырау үнімен білім әлеміне қадам басқан бүлдіршіндеріміздің жүректерінде үлкен арман, көздерінде қуаныш пен қызығушылық сезілді. Енді олар үшін жаңа достар, жаңа орта, жаңа білім мен үлкен мүмкіндіктер әлемінің есігі ашылды.
Құрметті 1-сынып оқушылары!
Мектептегі алғашқы қадамдарың нық, білім жолдарың жарқын болсын!

