Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
«ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «№1 ТІРЕК МЕКТЕБІ (РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ)» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Ресми сайт

«Жас сақшы» кадет сыныбы

Қаражал қаласының №1 Тірек мектебінде жас полицейлердің «Жас сақшы» кадет сыныбы ашылды. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асып, өскелең ұрпақты құқықтық мәдениетке баулуды, патриоттық рухты оятуды және болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беруді айқын мақсат еткен бұл сыныпқаӘділет генерал-майоры Рүстем Есімханұлы Қайдаров есімі берілді.
Жас сақшы кадет сыныбы тәрбиеленушілері саптық шеру,автоматты бұзып-жинақтау дағдыларын салтанатты шарада ортаға салып,Балкенов Ұлықбек «Әлқисса» күйін тартып,оқушылар жан-жақты қырларын көрсетті.